![Ақмола облысында диқандар егінді жинай алмай отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75347.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысының диқандары егінді жинай алмай отыр. Астықты уақытылы орып алуға - ауа райының қолайсыздығы кедергі. Аймақта биыл әрбір гектардан 12 центнер астық ору жоспарланған болатын.
«Зеренді – Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы Аманжол Жанғозин егістік алқабын аралап көрді. Жауын-шашынның салдарынан бітік шыққан егін кеуіп үлгермеген. Биыл 34 мың гектар алқапқа дән сепкен серіктестік өткен жылғыдай шығынға ұшыраймыз ба, деп қорқады.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында диқандар егінді жинай алмай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7048/)