Қытайда бүгін бірнеше мәрте жер сілкінді. Сычуань провинциясында қуаты 7 балдық зілзаладан 19 адам қаза тауып, 247 адам жараланды. Қаза тапқандардың 6-уы туристер. Ғимараттар мен су тазарту жүйелеріне айтарлықтай зақым келген. Ал, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 6,6 балдық зілзала кезінде 32 адам жараланған. Құтқарушылар қауіпті аймақтан адамдарды көшіріп жатыр. 30 мыңдай турист эвакуацияланған.
Арай ТӨЕЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда жер сілкінісінен 19 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70487/)