БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауына байланысты төтенше мәжіліс басталды. Ол АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның ұсынысы бойынша ұйымдастырылды. Британ премьер-министрі Тереза Мэй Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтуді сұрап отыр.
Ал, Оңтүстік Корея болса, көрші елдің ядролық сынақ жүргізуіне байланысты ракета ұшырып, әскери жаттығулар өткізді. Оның мақсаты - Солтүстік Кореяның шабуылына төтеп беру.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Корея мәселесіне орай төтенше мәжіліс басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70558/)