Швецияда 106 жастағы әйел депортациялануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда 106 жастағы әйел депортациялануы мүмкін

05.09.2017

Швеция үкіметі әлемдегі ең қарт босқын – ауғанстандық 106 жастағы әйелді депортациялау мәселесін қарастырып жатыр. Бибихал Өзбеки 2015 жылы Еуропаға жету үшін таудан да, шөлден де, орманнан да өткен. Әрине, жалғыз емес – баласымен, келінімен, немерелерімен, туыстарымен бірге. Олар Балқанға жеткенде ғана пойызға отырды.

Қазір бұл отбасы Швецияның орталығындағы Хова деген елді мекенде тұрып жатыр. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, Ауғанстандағы жағдай соншалықты қауіпті емес, ал, кейуананың ғасырдан асқан жасы оған баспана беруге негіз бола алмайды. Бұл хабарды естігенде Бибихал әженің денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу