АҚШ-тың Флорида аймағындағы жүздеген қазақстандықтың басым бөлігі апат аймағынан күні бұрын кетіп үлгерген. Мұны еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Соңғы мәліметке қарағанда, «Ирма» дауылы АҚШ-тың Флорида штатының құрлықтық бөлігіне жетті. Жағалауға биіктігі 4,5 метрлік толқын соққы берген. 3 миллиондай үй жарықсыз қалды. 6 миллионнан астам тұрғынға қауіпсіз жерлерге көшуге кеңес берілді. Ал, Майамидің орталығын топан су басқан. АҚШ-тың Ұлттық дауылдар орталығының хабарлауынша, «Ирманың» жылдамдығы сағатына 300 шақырымнан 160 шақырымға дейін төмендеді. Бұған дейін дауыл салдарынан Кариб бассейніндегі елдерде 28 адам қаза тапқан.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ирма» дауылынан АҚШ-та 3 миллионнан астам үй жарықсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70589/)