Афинадан 25 шақырымдағы Саламин аралында төтенше жағдай. Мұнда мазут пен дизельдік отын тиелген танкер суға батып кетіп, теңіз жағалауының 2 шақырымнан астам бөлігіне 2500 тоннадай мұнай төгілген. Әзірге, апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Саламин аралының экологиясы әдетте таза болатын. Ал, төгілген энергетикалық отын - су бетіне және құм үстіне де жиналып қалған. Бұл оқиғадан кейін, туристер арасында танымал курорттар жабылып, тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жағажай төгілген мұнайдан тазартылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70605/)