Солтүстік Корея ядролық қарумен Жапонияны суға батырып, АҚШ-ты күлге айналдыратынын ескертті. Осылайша, Ким Чен Ын жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға қарсы жариялаған жаңа санкцияларына жауап берді. Ол қарар бұл мемлекетте 6-шы рет атомдық сынақ жасалғаннан кейін қабылданды. Сонымен қатар, Ким Чен Ын «АҚШ-тың ғана бұйрығымен жұмыс істейтін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін жою керек», дейді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ким Чен Ын Жапонияны суға батыратынын ескертті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70611/)