![Мүлік сатудан бюджетке 3 миллиард теңге түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75355.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Соңғы бір апта ішінде республикалық және коммуналдық мүлік саудасынан мемлекет қазынасына 3 миллиард теңгеге жуық табыс түсті. Әсіресе, «Самұрық-Қазына» қорының активтеріне сұраныс жоғары.
Жекешелендіру басталғалы бері елімізде 4 миллиард 242 миллион теңгеге 67 нысан сатылған. Оның үшеуі республикалық меншіктегі нысан. Құны – 153 миллион 900 мың теңге. Коммуналдық нысан 224 миллион 600 мың теңгеге саудаланған.
Ал ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 3 миллиард 863 миллионға 39 келісім жасалған. Енді алда 12 миллиард 27 миллион теңге тұратын 65 лот бар. Оның 9-ы республикалық меншіктегі мүлік.
Саламат ОМАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүлік сатудан бюджетке 3 миллиард теңге түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7063/)