Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл мемлекеттегі Қазақстанның елшілігі консулдық есепте тұрған отандастарымызбен байланыс орнатқан.
Оларға сабыр сақтау, тұрғылықты мекен-жайлары туралы ақпарат беру және жергілікті биліктің кеңестеріне құлақ асу туралы ескертілді. Соңғы мәліметке қарағанда, Мексикада қуатты зілзаладан 200-ден астам адам қаза тапты. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СІМ: Мексикадағы зілзаладан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70637/)