Құрбандардың әлі де көбеюі мүмкін. Бұл – «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің соңғы деректері. Әзірге апаттан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жойқын жер сілкінісінен Мехико, Морелос, Пуэбла, Герреро және Оахака штаттарында ондаған үй құлап, 4 миллионға жуық адам жарықсыз қалған.
Ел астанасы Мехикода бастауыш мектеп қирап, 22 бала опат болды. Тағы 30-ға жуығы із-түзсіз жоғалып кетті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, зілзала мұндағы 40 шақты ғимаратты жермен-жексен еткен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексикада 7,1 баллдық зілзаладан қаза тапқандардың саны 248-ге жетіп отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70638/)