Оқыс оқиға Лос-Анджелес қаласында болған. Әзірге апат салдарынан нақты зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Бірақ, халықаралық агенттіктер 1 адам жараланды деген ақпарат таратты. Жойқын жарылыс тұрғын үйді жермен-жексен етіп, тіпті жан-жағындағы ғимараттарға да әсерін тигізген. Оқиға орнына ондаған өрт сөндіруші мен төтенше қызмет маманы тартылды. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Калифорния штатында тұрғын үйде жойқын жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70642/)