Үндістан астанасы Нью-Делиде жүздеген мұсылман рохинджаларға пана беруді талап етіп, шеруге шықты. Олар үкіметтің Мьянмадан барған босқындарды депортациялау туралы шешіміне наразы. Акцияға шыққандар – Үндістандағы исламдық ұйым мүшелері.
Мьянманың Рахкайн штатында тамыздың 25-де тәртіпсіздіктер басталғалы Үндістанға 40 мыңдай рохинджа барған. Ал, өткен айда премьер-министр Нарендра Моди үкіметі оларды «ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруші заңсыз мигранттар» деп атап, барлығын елден шығаратынын мәлімдеді. Ал, көршілес Бангладештен 422 мыңдай мьянмалық босқын пана тапқан.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда шерушілер рохинджаларға пана беруді талап етті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70650/)