АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені өзгертпей, сол қалпында қалдырды. Яғни, оның мөлшері бұрынғыдай 1-1,25 пайыз болады. Сондағы мақсат – еңбек нарығын күшейтіп, инфляцияны 2 пайызға дейін жеткізу. Бұны Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джаннет Йеллен мәлімдеді. Сонымен қатар, Федералдық резерв сенімді құнды қағаздарын банктерге сатып, 2008-2014 жылдары дағдарыспен күреске бөлінген 3,5 триллион долларды қайтарып алудан үмітті.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та долларды жаппай қайтарып алып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70651/)