Мьянмадан Бангладешке қашқан рохинджа мұсылмандарының 60 пайызы – балалар. Олар аштыққа ұшырай бастады. Сондықтан, гуманитарлық ұйымдар 250 мыңдай бүлдіршінді азық-түлікпен қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді.
Мұнда, әсіресе, азық-түлік, ішетін су, дәрі-дәрмек тапшы. Соның салдарынан жеткіншектердің көбі ауруға шалдығып, жағдайлары күннен-күнге нашарлап барады. Дәрігерлер болса, тамақтың жетіспеуі - балалардың миының дамуына және ересек өміріне кері ықпал ететінін мәлімдеп, оларға тез арада көмек беруге үндеп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рохинджа балаларына тамақ жетіспейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70670/)