Украинаның Калиновка қаласынан 30 мыңдай адам көшірілді. Себебі, мұнда әскери қоймада жарылыс болды. Онда 83 мың тоннадай оқ-дәрі сақталған. Өртке байланысты жолдар жабылып, электр жарығы мен газ беру тоқтатылды. Сонымен қатар, қоймадан 50 шақырым радиустағы әуе кеңістігі де жабылып, 14 пойыздың бағыты уақытша өзгертілді.
«ВВС»-дің хабарлауынша, бір әйел зардап шеккен. Тілсіз жау 4 тұрғын үй кешенін зақымдады. Украина бас штабының мәліметінше, от қойманың 10 пайызын шарпыған. Ал, жарылыс салдарымен күреске 700 адам, 150-дей арнайы техника тартылды. Әзірге апаттың себебі белгісіз.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинада оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70681/)