Одаққа төрағалық етуші Эстония ұйымға мүше 27 елдің басшысынан бөлек, саммитке Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйді де шақырған. «Британ елі Еуроодақтан шыққан күннің өзінде қарт құрлықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысады»,- деп мәлімдеді Тереза Мэй. Жалпы, ЕуроОдақ 2025 жылға дейін сандық экономиканың дамуы бойынша әлемдік көшбасшыға айналуды көздеп отыр. «Ол үшін халықтың сандық сауаттылығын, инновациялық технологияның әлеуетін арттыру қажет», - дейді Одаққа мүше елдердің басшылары. Сондай-ақ, саммитте Еуропада киберқауіпсіздікті күшейтіп, қарт құрлықта 5G интернетті тездетіп енгізу мәселелері талқыланады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таллинде Еуропалық Одақтың сандық технологияны дамытуға арналған алғашқы саммиті басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70699/)