Ұлыбританияның Манчестер қаласында ондаған мың адам «Брекситке» қарсы шеруге шықты. Наразылық акциясы «Консервативтік» партияның жыл сайынғы 4-күндік конференциясы кезінде ұйымдастырылды.
Демонстранттар Еуропалық Одақтың туын ұстап, бюджеттік қысқартуларды тоқтатуды, «Брексит» референдумын екінші рет өткізуді талап етіп отыр. Демонстрацияға елдің түкпір-түкпірінен, Еуропа елдерінен де қатысқандар бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Манчестер қаласында мыңдаған адам «Брекситке» қарсы шеруге шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70707/)