АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған қантөгіске қатысты Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» террористік ұйымы кеңейтілген мәлімдеме жасады. Онда ұйым 59 адамды өлтіріп, 600-ге жуық адамды жарақаттаған Стивен Пэддокты «Халифат сарбазы» деп атады. Алайда, АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы бұған сенбеуге шақырып, «қандай да бір қорытынды шығару ерте», - деді.
Естеріңізге салсақ, Лас-Вегаста өтіп жатқан музыкалық фестивальға келген адамдарға кенеттен біреу оқ жаудыра бастаған, шабуылшы сол жердегі қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ атқан. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері Арнайы операция барысында қылмыскердің мерт болғанын хабарлады. Соңғы келіп түскен дерек бойынша шабуылшы – 64 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лас-вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70713/)