Мәскеуде «Синдика» сауда орталығынан өрт шығып, бірнеше адам жараланды. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.
Тілсіз жау ғимараттың бүкіл аумағын шарпыды. Сондай-ақ, мың шаршы метр шатыр жанып, опырылып түскен. Көлік қоятын орын толығымен өртеніп, лапылдаған оттан кейбір автомобильдер жарылған. Ал, ғимараттың төбесінен көк түтін будақтады. 3 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқиға орнына 350 өрт сөндіруші, ондаған техника және 3 тікұшақ тартылған. Жергілікті құтқару қызметі өрт толығымен сөндірілді деп мәлімдеді. Апатқа не себеп болғаны бегісіз. Болжамдарға қарағанда, шығын көлемі 5 миллиард рубльге жетуі мүмкін.
Айта кетейік, «Синдика» сауда орталығының аумағы 150 мың шаршы метрді алып жатыр. Онда 1000-ға жуық дүкен жұмыс істеген.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде «Синдика» сауда орталығы өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70745/)