АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өрті құрбандарының саны 10-ға жетті. Тілсіз жау штаттың солтүстігіндегі 8 округті шарпыған. Олардың барлығында төтенше жағдай жарияланды. 20 мыңдай тұрғын көшірілген. Ауруханалардағы адамдар да эвакуацияланды. Өрт - 1500 мыңдай баспананы, өнеркәсіптік ғимаратты қиратқан. Көптеген адамдар зардап шегіп, кейбіреуі із-түссіз жоғалып кетті. Жағдайды күшті жел мен құрғақ ауа райы ушықтырып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та алапат өрттен 10 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70752/)