![Ақтөбеде елімізде өсетін өсімдіктерден дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75364.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кәсіпорынның жалпы құны 245 миллион теңге. Оның 195 миллионы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие ретінде берілген. Кәсіпорын жылына 12 миллион құты сапалы әрі бағасы қолжетімді фармацевтикалық өнім шығаруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда зауытта екі препарат – жөтелге қарсы қызыл мия шәрбаты мен оның термопсис қосылған түрі шығарыла бастады.
Сағатына 5 мың құты дәрі дайындауға мүмкіндігі бар зауыт мамандары қазір қызыл мия тамырын тұндыру үстінде. Бұл өнімге шетелдіктер де үлкен қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Кәсіпорын басшысы зауыт өз құнын 2020-сыншы жылға дейін толық ақтайтынына сенімді. Қазір мұнда 35 адам еңбек етуде. Жұмысшылар саны келер жылы екі есеге ұлғайтылмақшы.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде елімізде өсетін өсімдіктерден дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7076/)