АҚШ-тың Калифорния штатында лаулап жатқан орман өртінен қаза тапқандар саны 21-ге жетті. 550-дей тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. 3500 баспана, бизнес-ғимарат қирады. Штаттың 9 округін шарпыған тілсіз жау 70 мың гектарға жуық алқапты күлге айналдырған. Жексенбіден бері сөнбей жатқан жалын Калифорния тарихындағы ең алапат өрт болып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Калифорния штатында өрт құрбандарының саны 21-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70771/)