Ерекше транспорт түрі Дубайда «Gitex- 2017» көрмесінде жұрт назарына көрсетілді. Мотоцикл Ресейде «Hoversurf» компаниясында шығарылады екен. Бір орынды электромобиль жерден 5 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ұзақтығы пайдалану жолына тәуелді.
Айта кетейік, бұл технология жетістігін қолдану Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесінің қарсаңында жүргізіліп отырған дайындық жұмыстарын көрсету. Көрме қалашығының құны жоспар бойынша 7 миллиард долларды құрап, оған 25 миллионға жуық қонақ келеді деп күтілуде.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Біріккен Араб Әмірліктерінде полиция ұшатын электромотоциклмен жүретін болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70782/)