Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяға байланысты қатаң саясат ұстануға уәде берді. «Ол үшін қатты дипломатия керек»,- дейді Күншығыс елінің үкімет басшысы.
Абэ бастаған Либерал-демократиялық партия жексенбі күні парламенттің төменгі палатасына өткен сайлауда басымдықпен жеңіске жетті. Заң шығару органының алғашқы сессиясы қарашаның 1-не белгіленіп отыр.
Абэнің партияластары парламенттегі мандаттардың үштен екі бөлігін иеленген. Яғни, оларға Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбітсүйгіш конституциясын өзгертуге жол ашылып отыр. Бұған дейін премьер-министр елде армияның бар екенін ресми түрде бекітіп, қорғанысты нығайтуға шақырған-ды. Алайда, оппозицияның пікірінше, мұндай бастама мемлекетті қайтадан миллитаризмге жетелейді. Айта кетсек, жапон әскері «өзін-өзі қорғау күштері» деп аталады.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абэнің партиясы сайлауда жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70826/)