«ДАИШ» қарулы тобы Сирияда 60-тан астам адамды өлтірді. Тағы 100 шақты тұрғын жоғалып кеткен. Қанды оқиға елдің орталығындағы Хомс провинциясының әл-Қариятайн деген қалада болды. Бұл шаһарды армия сенбі күні азат етті. Құрбандардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлер және олардың отбасылары бар. Қазір ізім-қайым кеткен адамдар іздестіріліп жатыр.
Қала «ДАИШ»-тың қолына осы айдың басында өтті. Экстремистер үш апта билік еткенде мұнда жергілікті тұрғындарды «режимнің агенттері» деп қырғынға ұшыратқан.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ДАИШ» Сирияда 60-тан астам адамды өлтірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70835/)