Финляндияның оңтүстігінде пойыз әскери көлікке соғылып, 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндияның оңтүстігінде пойыз әскери көлікке соғылып, 4 адам қаза тапты

27.10.2017

Финляндияның оңтүстігінде Расеборг қаласының маңында жолаушылар пойызы әскери көлікке соғылып, 4 адам қаза тапты. Тағы 10-нан астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Олардың 4-еуі ауыр халде. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі полицияға сілтеме жасап, хабарлап отыр.

Жол апаты жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де ел астанасы Хельсинкиден батысқа қарай 90 шақырым қашықтықта болған. Оқыс оқиғаға мұнда жауған қар аралас жаңбыр себеп болуы мүмкін. Дегенмен, әзірге апат нақты неден болғаны белгісіз. Полиция тергеу амалдарына кірісті.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу