Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған өрт сөндіруші мен ауыр техника тартылған. Тіпті, Хорватиядан көмекке арнайы екі ұшақ әкелінген. Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, аппаттық жағдайға байланысты Валь-ди-Суза және Варезе алқаптарынан жүздеген адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Жергілікті билік жақын маңдағы аймақтардағы тұрғындарға жолға шықпауға кеңес берді. Жараланған немесе жоғалғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазір мамандар жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италияның солтүстігінде бірнеше күнге созылған орман өрті сөндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70874/)