Австралияның Сиднейіндегі «Apple» дүкені алдында жүздеген адам кезек күтіп тұр. Олар сауда орны ашылмас бұрын барып, жаңа iPhone X телефонын алғашқылардың бірі болып сатып алғылары келеді. Компания жетекшісі Тим Кук бұл айфонның шығуын «алға ірі қадам басу» деп атады. Жақында «Apple» iPhone 8 және 8 плюс смарфтондарын саудаға шығарған еді.
Жаңа iPhone X үшін ұзын-сонар кезек Қытайдың Бейжіңі мен Гонконгта да түзілді. Айта кетсек, мұнда «Apple» өз өнімдері саудасынан түсетін кірісін биыл 9,8 миллиард долларға жеткізген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сиднейде iPhone X үшін ұзын-сонар кезек түзілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70904/)