Сирияның Дейр-эз-Зор қаласын үкімет әскері «ДАИШ»-тан толық босатты. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлап отыр. Таяуда Сирия армиясы бұл лаңкестік топқа қарсы бірқатар сәтті операциялар жүргізіп, бірнеше ауданға бақылау орнатқан. Ал, ресейлік 6 бомбалаушы ұшақ Абу-Кемаль қаласының маңында «ДАИШ»-тың нысандарына әуеден соққы берді.
Дейр-әз-Зор бұл экстремистік ұйым қарамағындағы соңғы ірі бекініс еді. Оны «ДАИШ» 2014 жылы басып алған болатын.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирияның Дейр-эз-Зор қаласы «ДАИШ»-тан босатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70905/)