![Жекешелендіру жұмысын бақылайтын комиссия құрылмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75371.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендірудің барысын сараптап, бақылайтын комиссия құрылмақ.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің үшінші отырысында айтылды.
Кеңес төрағасы Азат Перуашев «Жекешелендірудің екінші толқыны экономикалық қана емес, саяси маңызды науқан», - деді.
«Сондықтан, оны барынша ашық өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа жеткізу қажет».
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жекешелендіру жұмысын бақылайтын комиссия құрылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7092/)