Иран-Ирак шекарасында зілзаладан қаза тапқандар көбейіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, 330-дан астам адам мерт болып, 3950-і жараланған. Құрбандардың көбі – Иранның батысындағы Керманшах провинциясының Сарпол-е-Захаб қаласының тұрғындары. 7,3 баллдық жер сілкінісінің ошағы Ирактың шығысындағы Халабджа қаласынан 31 шақырым қашықтықта анықталды. Иракта бұл апаттан 7 тұрғын жан тәсілім етіп, 53-і жараланған. Олардың барлығы – Күрдістан автономиясынан.
Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасы жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иран-Ирак шекарасында зілзаладан қаза тапқандар саны 330-дан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70957/)