АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне тиесілі ұшақ Жапонияның оңтүстігіндегі Филиппин теңізіне құлап, 3 адам жоғалып кетті. Әуе көлігінде барлығы 11 адам болған. Олардың сегізі аман-есен құтқарылды. Бұл туралы Жапонияның «NHK» телеарнасы хабарлады.
Осы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, апатқа ұшақ қозғалтқышындағы ақау себеп болуы мүмкін. Ұшақ АҚШ-тың «Рональд Рейган» кемесіне бара жатқанда құлаған. Қазір Тынық мұхитта бірнеше әскери кеме іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Филиппин теңізіне АҚШ теңізшілерінің ұшағы құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71011/)