Сирия оппозициясы Женевада осы айда өтетін бейбіт келіссөздерге дейін ортақ делегация құруды қалайды. Мақсат - ортақ ұстаным, құжат қабылдау. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін олар Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта бас қосты. Кездесу жұмаға дейін жалғасады. Оған Сириядағы түрлі оппозициялық топ өкілдері, БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура мен Саудия Сыртқы істер министрі Әділ әл-Джубейр қатысып жатыр. Кейбір мәліметтерге сай, кездесудің ақырғы құжатында Сириядағы өтпелі кезең басында президент Башар Асадтың биліктен кетуі жайында айтылған. Сирия дағдарысын реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздердің келесі раунды қарашаның 28-де Женевада өтеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирия оппозициясы ортақ фронт құрмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71013/)