«Восточный» айлағынан зымыран ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Восточный» айлағынан зымыран ұшырылды

28.11.2017

Ресейдің Қиыр Шығысындағы «Восточный» ғарыш айлағынан бүгін «Союз-2» зымырантасығышы ұшырылды. Ракета орбитаға Жерді қашықтан бақылайтын «Метеор» спутнигінен бөлек, 18 шағын жерсерік апарады. Дегенмен, «Роскосмостың» мәліметінше, «Метеор» байланысқа шықпай қалған. Ал, өзгелері зымыраннан бірінен соң бір ажырауы тиіс. 

Айта кетсек, былтыр сәуірде дәл осы космодром алғаш рет зымыран ұшырарда кабелінен ақау табылып, үш спутникті ғарышқа бірден жіберудің сәті түспеген. Сондай-ақ, сол шараға қатысқан Ресей президенті Владимир Путин вице-премьер Дмитрий Рогозин мен «Роскосмос» басшысы Игорь Комаровқа сөгіс жариялаған болатын.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу