Чилидегі Ұлы мұздықтан алып айсберг бөлініп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидегі Ұлы мұздықтан алып айсберг бөлініп кетті

29.11.2017

Чилидің оңтүстігіндегі Ұлы мұздықтан алып айсберг бөлініп кетті. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оның ұзындығы 350 метр болса, ені 380 метрге жетеді.

Чилидің Торрес дел Пайне ұлттық паркі өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Осыған ұқсас оқиға соңғы рет өткен ғасырдың 90-шы жылдары болған екен.

Айта кетсек, Ұлы мұздықты тамашалап, оның айналасындағы тауға шығу үшін бұл паркке жыл сайын 115 мыңдай турист барады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу