Бүгін АҚШ пен Оңтүстік Корея өз тарихында ең ауқымды әскери-әуе жаттығуын бастады. Ол Корей түбегі аспанында желтоқсанның 8-не дейін жалғасады. Жаттығуларға 230-дай жойғыш ұшақ қатысады. Солардың қатарында Американың әйгілі F-22 Раптор ұшақтары бар.
Бұл маневрлар Солтүстік Корея халықаралық санкциялар мен айыптауларды ескерместен, құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағаннан кейін бір апта өткенде ұйымдастырылып отыр.
Мун Сан-Гун, Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Оңтүстік Корея әуе күштері қолбасшылығы мен Құрама Штаттардың әуе күштері бірлесіп, «Қырағы ұшқыш» жаттығуын бастады. Оның мақсаты – екі елдің соғыс кезіндегі операцияларға қабілеттілігін жақсарта түсу.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери-әуе жаттығуын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71059/)