Бүгін Брюссельде мыңдаған адам Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен оның жақтастарын қолдап Орталық саябақта акция ұйымдастырды. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған шерушілерге Пучдемонның өзі де барды. Таяуда ол әзірге Брюссельде қалып, «Каталония үшін бірге» партиясының сайлауалды кампаниясын жүргізетінін мәлімдеген еді.
Пучдемон Каталонияда қазанның 1-де өткен Тәуелсіздік туралы референдумды заңсыз ұйымдастырды деген айыппен жақында тұтқындалып, кейін босатылды. Қазір онда сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізу құқығы бар.
Айта кетсек, Каталонияда желтоқсанның 21-де парламенттік сайлау өтеді. Оның қарсаңында ұлтшылдар тәуелсіздік мәселесін көтеріп, жеңіске жетуден үмітті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгияда мыңдаған адам Пучдемонды қолдап шеруге шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71088/)