Калифорнияда орман өртінің көлемі Нью-Йорктен де үлкен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда орман өртінің көлемі Нью-Йорктен де үлкен

11.12.2017

Калифорнияда орман өртінің көлемі Нью-Йорктің аумағынан да асып кетті. Ол ең қауіпті деңгейге жеткендіктен, ел президенті Дональд Трамп штатта төтенше жағдай жариялады.

«Томас» өрті әсіресе, Вентура мен Санта-Барбараның егістік алқаптарына зиян келтірді. Соңғы деректерге сүйенсек, Калифорния бойынша 93 мың гектар жер күлге айналған. Оттың тез тарауына екпінді жел себепкер. Сондықтан, күн сайын лаулаған жалын 20 мың гектарға кеңейіп жатыр.

Айта кетсек, бір аптаға созылған алапат өрт жүздеген үйді шарпып, 200 мың адам көшірілді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу