Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина жастары Израиль жауынгерлерімен қақтығысты. Тәртіпсіздіктер АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы етіп жариялауына байланысты тұтанған. Оған ашынған палестиналықтар Рамалла қаласында Израиль жауынгерлеріне тас лақтырған. Әскерилер оларға қарсы газ қаруын қолданды. Трамп желтоқсанның 6-да АҚШ-тың саясатын қайта қарап, Иерусалим мәртебесін өзгертті. Бұл қадам Араб әлемі мен Батыс елдерінің сынына ұшырады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Палестина жастары Израиль сарбаздарымен қақтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71109/)