Ресей соты бұрынғы экономика министрі Алексей Улюкаевты пара алғаны үшін айыпты деп тапты. Мемлекеттік прокурордың мәлімдеуінше, Улюкаев «Роснефть» мұнай компаниясының басшысы Игорь Сечиннен былтыр қарашаның 14-де 2 миллион доллар сұраған. Сондай-ақ, бұл параны Улюкаев «Башнефть» компаниясының «Роснефтьке» сатылуын мақұлдауға уәде беріп, өз қолымен алған.
Бірақ, экс-министр тағылған кінәні жоққа шығарып, ақша салынған сөмкеде қымбат акогольдік ішімдік бар деп ойлап қалғанын айтты. Прокуратура болса, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің бұрынғы экономика министрі айыпты деп танылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71125/)