Мексиканың оңтүстік-шығысында туристік автобус аударылып, 12 адам қаза тапты. Тағы 20-сы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Кинтана-Роо штатында болған. 31 жолаушы мінген автобус Махахуал қаласынан шығып, археологиялық аймақ - Чакчобенге экскурсияға бағыт алған екен.
Соңғы деректерге қарағанда, автобуста АҚШ, Италия, Бразилия, Швейцария және Швеция туристері отырған. Сондай-ақ, көлікте мексикалық жолнұсқаушы мен жүргізуші болды. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексикада автобус апатынан 12 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71140/)