Сирияның Идлиб провинциясында әуе соққысынан 19 адам қаза тапты. 25-ке жуығы жараланды. Алдын ала болжамдарға қарағанда, шабуылды ресейлік әуе күші жасаған. Бұл туралы «Syrian Observatory for Human Rights» хабарлады. Құрбан болғандардың 7-еуі бала екені анықталды. Әуе соққы Маар-Шурин елді мекеніне қарапайым халыққа тиген.
Айта кетейік, елдің солтүстік-батысында орналасқан Идлиб провинциясы әлі күнге дейін көтерілісшілер бақылауында болып, қақтығыстардың ең көп болатын жерлерінің бірі болып есептеледі.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Идлибте әуе соққысынан 19 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71141/)