Израиль БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет бойынша арнайы мекемесінен шығады. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр. Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ел келесі жылдың басында ЮНЕСКО-ның мүшесі болуын тоқтатып, тек бақылаушы ретінде қалады. Мұндай қадам БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 128 мемлекет АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы етіп тануына қарсы қарар қабылдауынан кейін қабылданған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израиль ЮНЕСКО-дан шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71161/)