Қытайдың Хунань провинциясында әлемдегі ең ұзын отты айдаһар жұрт назарына ұсынылды. 128 метрлік жалынды кейіпкер дәстүрлі фестиваль аясында көшеде билеп, адамдардың көңілін көтерді. Бұл тамаша көріністі жарыққа шығару үшін 100-ден астам адам атсалысқан екен. Ұйымдастырушылардың сөзінше, айдаһардың үстіне лапылдаған отты жағу оңайға түспеген. Сондай-ақ, олар қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтауға тырысқан. Көрермендер де ғажап қойылымды тамашалап, шараға қатысушыларды қолдап белсенділік танытты. Жоспар бойынша бұл фестиваль 66 күнге созылып, келер жылдың ақпанының 25-не дейін жалғасады деп күтілуде.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда әлемдегі ең ұзын отты айдаһар жұрт назарына ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71171/)