Эквадор астанасы Китода мейрамханада жойқын жарылыс болып, 1 бала қаза тапты. Кемінде 10 адам жараланған. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Құрбан болған балғын 7 жас шамасында болған. Оқиға кешкі сағат 11 кезінде ресторанға адамдар көптеп жиналып, Рождество мерекесін тойлап жатқанда болған. Полицияның деректеріне сүйенсек, газ баллоны жарылған болуы керек. Күшті дүмпуден ғимарат жермен-жексен болып, жақын-маңдағы 6 көлік өртеніп кетті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Эквадорда мейрамханадағы жарылыстан бір бала қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71172/)