Жапония зерттеушілері сынса өз бетімен қайта жалғанатын шыны ойлап тапты. Оның екі бөлшегін бір-біріне қолмен тигізсе болды, әйнек қалпына келе қалады. Токио университеті ғалымдарының пікірінше, мұндай материалдың арқасында келешекте осал немесе морт сынатын құралдардың ғұмырын ұзартуға болады. Мәселен, бұл шыны болашақта смартфондардың дисплейін жаңартуға әбден жарауы мүмкін. Бірақ, қатты ұсақталған экранды мұндай әйнекпен орнына келтіру қиын болады.
Арыстан РЫСБЕК