АҚШ-тың Калифорния штатында өрт қаулап жатыр. Тілсіз жаудан Лос-Анджелестегі үйлерге айтарлықтай қауіп төніп тұр. От таңертеңгі сағат 8-дерде тұтанып, лезде біраз аумаққа тарап үлгерген. Әзірге, тұрғындарды эвакуациялауға тапсырма берілген жоқ. Ал, өрттің тұтануына не себеп болғаны белгісіз.
Бұған қоса, Нью-Йоркте кеше кешкісін үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, жараланған 10 адамның төртеуі мүшкіл халде жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лос-Анджелестегі үйлерге қауіп төніп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71209/)