Түркияда 2016 жылы іске аспай қалған әскери төңкерістен кейін енгізілген төтенше жағдай режимі тағы үш айға ұзартылмақ. Мұны премьер-министрдің орынбасары Бекир Боздаг мәлімдеді. Осымен елде төтенше жағдай тәртібі алтыншы мәрте ұзартылмақ. Бұл шара президент пен министрлер кабинетіне жаңа заңдарды парламентсіз-ақ қабылдауға, құқықтар мен бостандықтарды шектеуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай енгізілгелі бері 50 мыңдай адам тұтқындалып, 150 мыңы жұмыстан қысқартылған. Билік бұл тазартулар Түркияның қауіпсіздігі үшін қажет деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда әскери төңкерістен кейінгі төтенше жағдай тәртібі үш айға ұзартылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71247/)