Испанияның солтүстік-батысына қалың қар түсіп, оқу орындары жабылып жатыр. Күн райының қолайсыздығынан, әсіресе, елдің Кастилия-Леон автономиялық аймағындағы Сеговия қаласы зардап шекті. Бүгін мұнда 10 мыңнан астам студент үйде отыруға мәжбүр. Соңғы деректерге сүйенсек, боран кесірінен мектеп автобустары жолға шыға алмай жатыр. Сондай-ақ, елдің 17 провинциясында температура күрт төмендеп, бұрқасын соққан. Жергілікті тұрғындар тас жолдардың жабылуына байланысты діттеген жеріне жете алмай әбігерге түсті. Қазір көшелерді қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда боранға байланысты 10 мың студент оқуға бармады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71252/)