Өйткені, ол шығарған ескі үлгідегі телефондардың қызметі жасырын түрде баяулатылған. Сондағы мақсат – адамдарды жаңа «айфон» сатып алуға мәжбүрлеу. Бірақ, америкалық кәсіпорын осы үшін кешірім сұраса да, смартфондардың батареяларын әдейі ақырындатқанын мойындамай отыр.
Францияда осы кемшілікке байланысты 3 мыңнан астам адам, ал Оңтүстік Кореяда 250 мыңдай қолданушы тиісті органдарға шағым түсірген. АҚШ пен Израиль тұрғындары да «Apple»-ге қарсы сотқа арыз жазды. Егер айыбы дәлелденсе, ақпараттық технология алыбы миллиардтаған доллар айыппұл төлеуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Француз үкіметі «Apple» компаниясына қарсы тергеуді бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/71259/)